Желтоқсанның жиырма екінші жұлдызында Түркия Республикасының Кайсери қаласындағы қазақ қыз-келіншектерінің ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Келіндер Бәйгесі" атты кеш өтті. Қазақ келіндері Бәйгеде өздерінің ептіліктері мен өнерлерін ортаға қойды. Келіндер сайыста діни сұрақтардан,салт-дәстүрлерден,мақал-мәтелдер жарысынан,өнер көрсетуден,дастархан көрнекілігінен және тіл үйіретін тағам жасаудан сыналды. Қазақтың келіндері өздерінің қыр-сырларын сынап көріп,салт-дәстүрлерімізді түрік еліне паш етті. Қазақтың қайсар қыздары осындай жан-жақты болады екен,деп,түрік бауырларымыз таңданысын жасыра алмады. Әділ-қазылар алқасы да, әділ бағаларын беріп,келіндерге насихаттарын айтты. Елден жырақта жүрген қандастарымыздың толқуы мен туған жерге деген сағынышын әспеттеген әдемі кештің куәгерлері қазақ еліне баталарын беріп,дән риза болды. Осындай үлгідегі сайыстарымыз жоғалып бара жатқанын ескеріп,жандандыруға ат салысқан жандарға ЖАРАТУШЫМЫЗ разы болып,алған ілімдерін хайырлы қылғай.
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."3 ай бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."3 ай бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."4 ай бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."4 ай бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."4 ай бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."4 ай бұрын2023, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.