Мен Көрдім.
Мен Көрдім.

МЕН КӨРДІМ.


Ай секілді нұрын төгетін досты көп көрдім,
Күн секілді сәулесін шашатын досты көп көрдім,
Жел секілді есіп, ғайып болатын досты көп көрдім.
Су секілді мөлдір, түбі таза досты көп көрдім,
Боран секілді тыныш келіп, айналаны орап кететін досты көп көрдім,
Найзағай секілді жарқ етіп, жоқ болатын уақытша досты көп көрдім.

Тіл секілді шешен сөйлеп, уын шашатын досты көп көрдім,
Құлақ секілді естіп, мән бермейтін досты көп көрдім,
Қол секілді ұзын, жәрдем беретін досты көп көрдім.
Көз секілді тұнық, ниеті түзу досты көп көрдім,
Бас секілді ойлы, ақылды досты көп көрдім,
Жүрек секілді жұмсақ, адал досты аз көрдім.

Gauhar ErbolkyzyGauhar Erbolkyzy
5 жыл бұрын 3883
0 пікір
Блог туралы