Өмір-жұмбақ.
Өмір-жұмбақ.

Өмір-жұмбақ.

Өмірге келудің өзі де тылсымға толы. Сәбидің тәй-тәй қадам басуы, өмір деген мекенге адымдарымен тең. Баланың жығылуы, өмірдің алғаш қиындықтарымен жүзбе-жүз келуі. Баланың ержетіп, бойжетіп ажарлануы, өмірдің бақытты күндерімен тең. Ақыл тоқтатып, оң-солын білген шағы, өмірдің мағынасын түсіну, арман-мақсатына ұмтылуы. Кәміл жасқа жетуі, өмірдің қадірін, адамдардың қадірін білуі. Таяғын таянған шағы, өмірдің өткінші, ағынды су секілді ағып, өтіп шығатынын мойындауы. Негізі өмір-толассыз тосынсыйлармен, түбі терең тұңғиық жұмбақтардан құралған. Адамбаласы белгілі, белгісіз мұрат-мақсаттарға ұмтылады. Бірақ ол мақсаттары қайырлы екенін біле білмейді. Келешекте бізді не күтеді? Баланың жығылып түскеніндей, белестерімізден жығылып, асып артқа тастайтынымызға кім кепіл? Бұл сұрақтар бізге жұмбақ.. Бірақ шешуі әрине Бір Жаратушымыздың құзырында және адамзаттың іс-әрекетінде. Жаратушымыздың жазғаны болар.. Жұмбаққа, асу-белестерге толы өмірімізді мағыналы, шешімін шешіп үйренетіндей қылып өмір сүрейік.

Авторы:
Гауһар Ерболқызы.

Gauhar ErbolkyzyGauhar Erbolkyzy
6 лет назад 9178
0 комментариев
О блоге