Дәл қазір қабірде болсам...
Дәл қазір қабірде болсам...

Дәл қазір қабірде болсам..
Монолог

Дәл қазір қабірде болсам, Жамбасым жерге тиіп,топырақпен көмілсем, мысалы..
Қабірдегі алғашқы күнім, түнім қалай өтер еді?
Ешқашан таусылмайтын жұмыстарым, менсіз бітпейтін шаруаларымды кім тындырар еді?
Үйімді, мал-мүлкімді, төсегімді, сандығымды, аяқ-киімімді кім иемденер екен?
Өкініштен өртеніп барамын..
Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.с) былай деген:
" Қайтыс болған әрбір жан өкінеді! "
Саxабалардың бірі:
" - Мұсылмандар да ма?- деп сұрады.
- Иә, олар Алланы әр сәт еске алмағандары үшін өкінеді "-деп жауап берді.
Бұл уақытта мен мұсылман екенінді есіме түсірдім де қатты өкіндім..
Бұл тек қана бір өкініш..
Өзімнің жұмыстарыма көп уақыт бөліп, ұзыннан-ұзақ оқылмаған намаздарым, шаруаларыма асығып, тездетілген сәжделерім мен рукуxтарым..
Шаруалар тез тынады екен..
Әттең, барлығы бір демде өте шықты..
Ия, мен ешқашан Шын Досымның қадірін білмеппін..
Мен Оған көп қиянат жасаппын..
Уақытымды Онымен неге көп өткізбедім екен?
Оған адал бола алмадым..
Ал қазір өкінгеннен не пайда?
Ол менің қиналғаныма қарап, жанымнан өте шығады..
Кері қайтқым келеді!
Бар ықалысыммен намаз оқығым келеді,
Құранмен күні-түні дос болғым келеді!
Көзімнің алдында, сөреде тұрған Құраным..
Қашан Құранды оқиын десем, әрдайым бөгет шығатын..
Арасында екі бет оқып, мойнымдағы парыздан құтылдым деп ойлайтынмын.
Бұл дертім, бұрынғы жараның ізі секілді..
Дәл қазір, бұл жерге кірер кірместен дене шіруге дайындалады.
Әлем жаратылған мезеттен бері мені күтіп тұрғандай..
Қысып жатыр, қысылып барамын..
Сынып жатқан сүйектерімнің дыбысы менің құлағымда тұр..
Аллам! Раббым! Мен қатты қорқамын! Мен жалғызбын! Мені жіберші!
Өмірімді босқа өткізіппін..
Әйтпесе тындыратын көп шаруаларым бар еді..Олар ол жерде: << Уа, Раббымыз! Садағаң кетейік, бізді мына тозақтан шығара гөр! Бұрын-соңды істеген теріс істерімізден бөлек игілікті істер атқарайық!>>-дейді. Сонда оларға: << Сендерге ақылға салып, ойланатын адам емін-еркін ойланып, ғибрат алатындай жеткілікті ғұмыр бермедік пе?! Онымен қоймай, сендерге ескертуші ретінде пайғамбар да келген еді. Енді азаптың дәмін татыңдар! Күпірлікте қасарысып өзіне һәм өзгелерге зұлымдық жасаған залымдардың медеткері болмайды>>,-делінеді. (Фатыр 37 аят.)
Бұл аятты өмірімде оқығанда қатты әсер алатынмын.
Бірақ не үшін бұл аятқа амал жасамадым?
Қазір не үшін амалдарым аз?
Реніштерім..
Ашу-ызаларым..
Қызғануларым..
Барға қанағат етпеуім.
Бұлар соншалықты түкке тұрмайтын дүниелер екен..
" Мен туралы адамдар не ойлайды екен? " деп, түкке тұрғысыз ойлармен жүріппін..
" Мені сөз қылып жатыр ма? " деп ашуланатынмын..
Артымнан жақсы сөз сөйлейтіндер көп екенін білемін.
" Ақкөңіл, жарқын жүзді еді" дейтіндер бар екенін білемін.
Ұзақ уақыт естерінде жүрермін, бірақ уақыт өте келе ұмытыламын..
Сосын..
Eң жақын адамым мені ұмытады..
Бір жаназада, болмаса жұма күндері мені естеріне алар..
Көздерім, қолдарым ұмытылады..
Мені тек қана ОЛ ұмытпайды..
Aзды-көпті істелген әр ісім амал дәптерімде.
Қабір менің соңғы аялдамам, мекенім, тіпті қорқынышты жертөлем болар..
Бұдан былай үйім де, жұртым да, күнім де, түнім де осы жер..
Жападан жалғыз қалдым, жалғыздық мені қақ төртке бөлді..
Өкініштен өзегім өртеніп барады..
Уақытты кері қайтарсам деп, ойлап,бір күрсініп терең тыныс алдым..
Қалай? қалайша?..
Тірі екеніме сене алмай, айнаға қарай жүгірдім..
Көздерім шаранасынан шығып кеткендей, қып-қызыл боп кетіпті..
Аллаға сансыз мадақтар болсын, мен тірімін, тірі..
Әлі де кеш емес, маған тағы мүмкіндік берді..
Алдымда ұзын жолдар бар, мен көп жұмыстарды атқаруым керек..
Ең баста намаз..
Намаздан баста..
Құранды өмірлік дос ет..
Халал бір үзім нанға мән бер..
Құл ақысын жеме..
Дініңді үйрен..
Өз уақытыңды пайдалы өткіз..
Тағы да..
Ренжіткеңдерің бар ма?
Кешір, кешірім сұра..
Сені ренжітті ме?
Бәрі өткінші, кешір, мән берме..
Сен алдымен жақсылық жасауға бар күшіңді сал..
Әрбір ісіңді Бисмиллияxпен баста...q

Аударма.

Гауһар Ерболқызы.

Gauhar ErbolkyzyGauhar Erbolkyzy
6 жыл бұрын 4706
0 пікір
Блог туралы